Елордада шағын маркеттен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Елордада шағын маркеттен ақша ұрлаған күдікті ұсталды
фото: видеоскрин

Астана қаласының полицейлері дүкенге заңсыз кіріп, ақшалай қаражат ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті Жұбанов көшесінде орналасқан мини-маркеттің кіреберіс есігінің құлпын бұзып, заңсыз ішке кірген. Ол сауда орнының касса аппаратында сақталған ақшалай қаражатты жасырын жымқырып, сусындарды өзімен бірге алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Полиция азаматтарға мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарап, сауда орындарын бейнебақылау жүйелерімен, күзет дабылымен және сенімді құлыптармен жабдықтауды ұсынады.