Экологиялық білім беруді дамыту маңызды

Экологиялық білім беруді дамыту маңызды
фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

"Astana ESG Forum 2026" шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Coca-Cola  Içecek  Kazakhstan  компаниясы,  "Жасыл  экономика" және G-Global дамыту үшін ЗТБ коалиция арасында "ReStart" жобасының 11-маусымын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою  рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоспар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі ауқымды экологиялық апат қаупіне алаңдаушылық білдіретін және  студент  жастарды  Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және циркулярлық экономиканы дамытуға тартуға бағытталған, сондай-ақ ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Қол қойылған жоспардың мақсаты – экология, тұрақты даму және экологиялық білім беру саласындағы бастамаларды іске асыру үшін мемлекеттің, азаматтық қоғамның және бизнестің өзара іс-қимылының тұрақты платформасын құру.

Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, орнықты даму қағидаттарын ілгерілетуге және "Жасыл экономика" қағидаттарын еліміздегі жоғары білім беру жүйесіне  енгізуге  бағытталған.  Жоспардың  негізгі  міндеттерінің қатарында экологиялық білім беру және  тәрбие  саласындағы  Жастар  бастамаларын  дамытуға  жәрдемдесу;  ЖОО базасында  студенттік  эко-клубтар  мен  ғылыми  қауымдастықтарды  дамыту; қалдықтарды бөлек жинау жөніндегі жобаларды іске асыру және "жасыл кампустарды"  дамыту; "жасыл"  жобаларды  ілгерілету  және серіктестерді,  инвесторларды  тарту және т.б. бар. Жоспар CCI Kazakhstan "3.2.1. Start!" компаниясының он жылдық тәжірибесі мен табысты жобасының жетістіктеріне негізделеді, ол өткен  жылы  "ReStart"  деп  аталатын  жаңа  форматқа  көшіп, тұрақты даму мен эко-ағартуға назар аударып, пластикті бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамытудың ең ірі экоплатформасына айналды.

2024 жылы жобаның 9-шы маусымы аясында Қазақстанның 7 өңірінен 100 мыңнан астам студентті біріктірген 14 ЖОО қатысты. Бір жыл ішінде қатысушылар  35 тоннадан  астам  пластик  қалдықтарын жинап, өткен маусымның көрсеткіштерінен асып түсті. 2025 жылы жобаның 10-шы мерейтойлық маусымы аясында география және қатысушылар саны едәуір кеңейді, жобаға  Қазақстанның  10 өңірінен 24 жоғары оқу орны атсалысып, олар 67 421 кг-нан астам пластикалық қалдықтарды жинады, қалдықтар кейін қайта өңдеуге  жіберілді  және  жаңа  өнімдер  шығару  үшін  пайдаланылды.

Coca-Cola Içecek Kazakhstan Корпоративтік қатынастар және тұрақты даму жөніндегі директоры Дияс Жұбандықов жоспарға қол қою рәсімінде сөз сөйледі.

– CCI Kazakhstan үшін орнықты даму қоғаммен ұзақ мерзімді жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. ReStart бизнес, мемлекет және білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы  экологиялық  идеяларды нақты бастамаларға айналдыруға қалай  көмектесетінін  көрсетеді.  Әріптестікті  жалғастыру  осы  тәжірибені  дамытуға  және  жастардың  экологиялық  міндеттерді  шешуге  қатысуы  үшін жаңа  мүмкіндіктер жасауға жол ашады, - деді Дияс Жұбандықов. Жобаны іске асыру жылдарында ондаған студенттік эко-клубтар құрылды, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу  бойынша көптеген бастамалар әзірленді, олардың көпшілігі университеттердің тұрақты тәжірибесіне айналды, -деді ол. 

"ReStart" бастамасы орнықты дамудың жаңа кезеңі және Қазақстанның 2030-күн тәртібін іске асыруға қосқан үлесі болып табылады.

  "Білім практикалық тәжірибемен нығайтылған кезде экологиялық білім үлкен пайда әкеледі. Университеттер қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырудан бастап студенттердің  экологиялық  жобаларын жүзеге асыруға  дейінгі  шешімдерді  әзірлеу  және  енгізу  алаңына  айналуы  мүмкін.  ReStart  аясындағы  ынтымақтастықты  жалғастыру  табысты  тәжірибелерді  таратуға  және  оларға  жастарды көбірек тартуға көмектеседі, - деді  "Жасыл экономика" және G-Global дамыту Коалициясының басқарма төрағасы Әлия Рахымбекова.

Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет атап өткендей, «іс-шаралар жоспарын бекіту – экологиялық мәселелерге жауапты  азаматтардың  жаңа буынын қалыптастырудағы маңызды қадам. Университеттер жасыл технологияларды енгізу және  тұрақты  даму  тәжірибесін  ілгерілету  орталықтарына  айналуда.  Осыған  байланысты  министрлік экологиялық бағдарламаларды білім беру жоспарларына интеграциялауға, сондай-ақ университеттер  базасында  қалдықтарды  басқарудың  тұрақты  модельдерін  дамытуға  жәрдемдесетін болады".

Тараптардың пікірінше, жоспарды іске асыру "ReStart" жобасының табысты тәжірибесін таратуға, бүкіл ел бойынша жоғары оқу орындарының қызметіне орнықты даму қағидаттарын енгізуге, университет қоғамдастығының экологиялық мәдениетін нығайтуға және академиялық қоғамдастық, бизнес және азаматтық сектор арасындағы әріптестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.