Чемпионат аясында қолөнершілерге арналған республикалық байқау жарияланды

Чемпионат аясында қолөнершілерге арналған республикалық байқау жарияланды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Қазақстан ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионатын қабылдайды. Осы тарихи оқиға аясында Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» бірлесіп қолөнершілерге арналған республикалық байқау жариялайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Егер Сіз ұлттық қолөнерді, заманауи дизайнды және шығармашылықты әлемге танытуға дайын болсаңыз, бұл – өз өнеріңізді халықаралық деңгейде көрсетуге берілген бірегей мүмкіндік.

Жеңімпаздар:
* #Astana2027 ресми дүкендерінде өз өнімдерін ұсыну;
* халықаралық делегациялар мен серіктестерге арналған ресми сыйлық өнімдерін жеткізуші болу;
* #Astana2027 ресми ақпараттық ресурстарында кеңінен насихатталу;
* Official Artisan Partner Astana 2027 мәртебесіне ие болу мүмкіндігіне ие болады.

 Қалай қатысуға болады?

2026 жылғы 31 тамызға дейін info@astana2027.kz электрондық поштасына өзіңіз туралы қысқаша ақпарат пен жұмыстарыңыздың фотосуреттерін жолдаңыз. Жауап ретінде байқау ережесі мен қатысу шарттары жіберіледі.

Қазақстанның бай мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін және креативті әлеуетін әлемге бірге танытайық!