Белгілі ақынды қабылдады

Белгілі ақынды қабылдады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жақында тағайындалған Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының жаңа директоры, белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлын қабылдады.

Әңгіме, негізінен, қазақ әдебиеті­нің бүгінгі тынысы, елордалық қаламгерлердің жай-күйі, әдебиеттегі жаңа есімдер жөнінде болды. Бауыржан Бабажанұлы астаналық филиал директоры ретінде алда жасалатын жұмыстар туралы ойын ортаға салды. Шаһар басшысы Жазушылар одағының жобаларына барынша қолдау көрсететінін айтты.