Балалар қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Балалар қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды
фото: polisia.kz

Елордада өткізілген тамыз конференциясында балалар қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астанадағы Оқушылар сарайында республикалық тамыз конференциясы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен тәрбие жұмысына жауапты директорлардың орынбасарлары, колледж басшылары мен педагогтер, мемлекеттік органдардың өкілдері және өзге де мамандарды қоса алғанда, 340-қа жуық адам қатысты. Конференция барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Б.Жалекешова "Заң мен тәртіп — әділетті қоғамның берік негізі" тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері мен статистикалық мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте "Назар аударыңыз, балалар!" акциясының қыркүйек айының соңына дейін жалғасатыны айтылды. Іс-шара аясында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың жолдағы қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.