Азаматтардың құқықтық қорғалу кепілдіктері күшейтілді

Азаматтардың құқықтық қорғалу кепілдіктері күшейтілді
фото: Aqorda

Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі, қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалған. Бұл қағидат мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарында адам мүддесін басшылыққа алудың маңызын көрсетеді. Құжатта азаматтардың құқықтық қорғалу кепілдіктері де күшейтілді.

Алайда құқықтарды заң жүзінде бекіту жеткіліксіз. Олардың іс жүзінде сақталуы, азаматтардың мемлекеттік органдарға кедергісіз жүгінуі және заңды мүдделерінің қорғалуы маңызды. Құқықтық мемлекеттің сапасы ең алдымен адамның өз құқығын қаншалықты еркін әрі сенімді пайдалана алатынымен өлшенеді.