Қызмет сапасына мән беріледі

Қызмет сапасына мән беріледі
фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың қала тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында вице-министр денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті бағыттары бойынша қысқаша баяндап,  азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің шешімдерін талқылады. Елорданың «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында қала тұрғындары  медицина саласындағы жетістіктерге қанықты.

Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері  өмір сүру  ұзақтығына қатысты саналады. Халықаралық бағалауға сәйкес  Қазақстан халқының өмір сүру ұзақтығы және нәрсетелер өлімі көрсеткіштері оң нәтижелерімен Орта Азия аймағында бірінші орында.  Өткен жылғы көрсеткіш бойынша, халқымыздың  орташа өмір  сүру  ұзақтығы 76 жасқа  жетті,  Астаналықтарға келсек,  бұл көрсеткіш  78,78 жасты  құрайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда сәбилер өлімі 1,7%-ға төмендеп, тірі туған мың балаға шаққанда 5,74-ті құрады. Астанада бұл көрсеткіш шамамен 9%-ға - 3,89-ға дейін азайды. Ел бойынша ана өлімі 31,8%-ға қысқарып, тірі туған 100 мың балаға шаққанда 6,8-ді құрады. Елордада қарастырылып отырған кезеңде мұндай жағдайлар тіркелген жоқ.

Өзгерістер бағыттарының бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі болып қала береді. Қазіргі уақытта халықты МӘМС-пен қамту деңгейі 86,9%-ды құрайды. 1 қаңтардан бастап әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша D және E санаттарына жататын жұмыссыз азаматтардың жекелеген санаттары үшін жарналар жергілікті бюджеттер есебінен төленеді. Соның арқасында ел бойынша қосымша 814 мың адам, оның ішінде Астанада 45 мың адам сақтандырылды.

«Олар үшін сақтандыру жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Сонымен қатар, МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында көрсетілетін қызметтерді бөлу жұмыстары жалғасуда. Бұл қызметтердің қайталануын және қосарланған қаржыландыруды болдырмауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Манас Рамазанов.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бастапқы буын) деңгейінде учаскелік дәрігердің қабылдау уақыты төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұзартылды, ал консультацияны күту мерзімі жеті және одан да көп күннен бір-үш күнге дейін қысқарды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысы еңбек өтіліне байланысты 40 пайызға дейін өседі. Бұл өсім ел бойынша 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды. Сондай-ақ үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоционалдық жүктемені ескере отырып, сараланған үстемеақылар қарастырылған.

Сонымен қатар профилактикалық бағдарламалар кеңейтілуде. Скринингтік тексерулердің нысаналы топтарының жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, ісіктердің жекелеген түрлерін анықтау деңгейі үш есеге, артериялық гипертензияны анықтау – 13пайызға,  қант диабетін анықтау – 26 пайызға өсті.

-Алдағы уақытта жаңа емдеу орталықтары, ана мен балаларға арналған мекемелер  салынып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, кадр мәселесін шешуге көңіл бөлінеді. - Ұлт  денсаулығы, әсіресе жас ұрпақтың  денсаулығы елдің болашағына салынған маңызды  инвестиция және негізгі ресурс болып табылады,-деді вице-министр.

 Манас Рамазанов балалармен жұмыс істейтін және бюджеттік қаржыландыру алатын ұйымдарға бақылауды күшейту туралы айтып берді. Сондай-ақ мектептегі тамақтану стандарты жаңартылуда: қант пен тұз мөлшерін азайту, көкөністердің, жемістер мен сүт өнімдерінің үлесін арттыру көзделіп отырғанын айтты.

Кездесуге арнайы келген тұрғындар кезекпен сөз алып, қалалық денсаулық сақтау  ұйымдарының жұмысы туралы пікір алысты.

Айгүл Уайс