«Заң мен тәртіп» мемлекеттік идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы «ТОРЕ» автомектебінде жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Болашақ жүргізушілерге жол жүрісі туралы заңнаманың талаптары жеткізіліп, жолдағы құқық бұзушылық үшін жауаптылықты белгілейтін әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары түсіндірілді.
Автокөліктің заң бойынша аса қауіптілік көзіне жатқызылатынына ерекше назар аударылды. Әрбір жүргізуші жолдағы өз әрекеті үшін дербес жауаптылықта болатыны, ал рульдегі ұқыптылық пен тәртіп айналасындағылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні түсіндірілді.
Астана қаласының прокуратурасы ескертеді: жол жүрісі қағидаларын сақтау — қозғалысқа қатысушының әрқайсысының міндеті, одан адамдардың өмірі мен денсаулығы тәуелді.