Ауыл балалары Астана төрінде «Моцартты» сахналайды

Ауыл балалары Астана төрінде «Моцартты» сахналайды
фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

16 қараша күні сағат 19:00-де Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры сахнасында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы Қамбар Медетов атындағы балалар өнер мектебінің ЮНЕСКО клубы «Актёрлік өнер» класы дайындаған «МОЦАРТ» театрландырылған иммерсивті қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әлемдік музыка өнерінің алыбы Вольфганг Амадей Моцарттың 270 жылдығына арналған қойылым композитордың өмірі мен шығармашылығын заманауи театр тілімен баяндайды.

Музыкалық-философиялық перформанстың негізгі идеясы – отбасы құндылықтарын, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, достыққа адалдықты, мейірімділік пен жауапкершілікті дәріптеу. Қойылым мазмұны «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарымен де үндеседі.

16 қараша – Халықаралық толеранттылық күніне орайластырылған қойылым өнер арқылы бейбітшілік пен өзара құрметті насихаттайтын ЮНЕСКО құндылықтарын да дәріптейді.

Айта кетейік, «МОЦАРТ» қойылымы Халықаралық «Сәлем, Астана» байқауының Гран-при иегері.

Ләззат +7 (778) 533-38-13