2 500-ден астам адам Атырау көпірі маңындағы жағалауға жиналып, Атыраудан келген өнерпаздардың өнерін тамашалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ашық аспан астында өткен Open Air кешінде өңірдің музыка, театр және креативті индустрия өкілдері бас қосып, елорда жұртшылығына өнерін ұсынды.

Бұл кеш республикалық Creative Aimaq жобасы аясындағы Atyrau Creative Days шараларының басталуына жол ашты.

Жобаның мәні - өңірлердегі талант иелерін елге танытып қана қоймай, олардың шығармашылық еңбегін көрерменге, нарыққа және жаңа мүмкіндіктерге жақындату.

Атыраудың өнері мен шығармашылық үні бұл кеште AIDHN-IZ, SURETTER, TDK, Жастар театры, Kilen Hub, JAIYQ Corp., Асхат Әмірғали, Абыл Досымов және DJ Number арқылы көрініс тапты.
Ал 19–20 қыркүйекте Атыраудың креативті әлеуеті Qazaq Creative Hub төрінде кеңінен таныстырылады. Өңірдің жобалары мен авторлық туындыларын тамашалап, креаторлармен танысуға ниетті баршаңызды Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайында күтеміз!