Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды

Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта елордалық Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті. Жерлесіміз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.