Халықтық құрылыс – өңірлерді дамытуға мүмкіндік

Халықтық құрылыс – өңірлерді дамытуға мүмкіндік
фото: жеке мұрағатынан

Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге, өңірлерді дамытуға бағытталған нақты міндеттер айқындалды. Президент келесі жылға «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды. Халықтық құрылыс – бұл өңірлерді дамытуға мүмкіндік.

Бірінші кезекте өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу, сондай-ақ білім беру, спорт және мәдениет салаларындағы 50-ге жуық нысанның құрылысын бастау жоспарлануда.

Жолдауда білім беру саласына, әсіресе инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы мұғалімдердің шамадан тыс жүктемесін азайту, әртүрлі цифрлық платформалардағы есептілікті қысқарту және педагогтің беделі мен қадір-қасиетін қорғау қажеттігіне де тоқталды.

Ұстаз үшін ең маңызды міндет – балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Сондықтан мұғалімге қолайлы жағдай жасау, оның уақытын балаға арнауына мүмкіндік беру – білім сапасын арттырудың маңызды шарты.

Денсаулық сақтау және медицина қызметкерлерін қолдау

Ауқымды құрылыстың бірінші кезеңінде елімізде сегіз заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл міндет 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылуға тиіс.

Әлеуметтік қолдау мұқтаж азаматтарға жетуі тиіс

Өңірлерді байланыстыратын сапалы жолдар салу, көлік-логистикалық әлеуетті күшейту маңызды міндеттердің қатарында.

Энергетика саласында 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне қол жеткізу міндеті қойылды. Ол үшін жаңа электр станцияларын салу, қолданыстағы станциялар мен электр желілерін жаңғырту қажет.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін ұзақ мерзімді қаржыландыру, өнімді терең өңдеу, заманауи техника мен технологияларды енгізу қажеттігі айтылды.

Шағын және орта бизнесті ұзақ мерзімді қаржыландыру, кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейту міндеті қойылды.

Жолдауда айтылған әрбір бастаманың түпкі нәтижесі азаматтардың күнделікті өмірінен көрінуі тиіс. Әр өңірде сапалы білім мен медициналық көмектің қолжетімді болуы, тұрақты жұмыс орындарының ашылуы және халық табысының артуы – ортақ міндетіміз.

Айнагүл Балташева,

Құрылтай депутаты