Астанада туристер саны 12% артты

Астанада туристер саны 12% артты
фото: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

Астанада «Астананың туристік саласын дамыту: бірінші жартыжылдықтың қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев елорданың туризм саласының даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Атап айтқанда, 2026 жылдың І тоқсанында Астанаға 352,2 мың турист келіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артқаны айтылды. Сонымен қатар жыл басынан бері елордада 300-ден астам мәдени, іскерлік және спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оның 11-і халықаралық деңгейде өткізілді. Бұл көрсеткіштер Астананың оқиғалы және іскерлік туризм орталығы ретіндегі әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ «Astana Concert» ЖШС-нің концерттік директоры Александр Бихерт компанияның 2026 жылдың басынан бері жүзеге асырған халықаралық мәдени жобалары туралы баяндады. Олардың қатарында Эннио Морриконенің шығармашылығына арналған концерттер, МакSим мен Анна Астидің концерттері, сондай-ақ «Леонардо да Винчи. Қайта өрлеу дәуірінің данышпаны» халықаралық көрмесі бар.

Баспасөз конференциясында елорданың туристік тартымдылығын арттыру, халықаралық деңгейдегі мәдени және іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ туризм инфрақұрылымын одан әрі дамыту бағытындағы алдағы жоспарлар таныстырылды.