Астанада интернеттегі қауіпсіздік, есірткінің алдын алу және жастарды цифрлық қауіптерден қорғау мәселелерін ақпараттандыруға бағытталған «Медиа есірткіге қарсы» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Байқауға бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-басылымдардың журналистері, блогерлер, цифрлық контент авторлары, редакциялар, медиа-командалар және шығармашылық бірлестіктер қатыса алады. Қатысу жеке немесе командалық түрде жүзеге асырылады.
Байқау екі номинация бойынша өткізіледі.
«Үздік сюжет» номинациясына мақала, сұхбат, журналистік зерттеу, репортаж, авторлық баған, теле- және радиосюжет, подкаст және басқа да журналистік материалдар қабылданады.
«Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясына Reels, TikTok, Shorts форматындағы әлеуметтік және анимациялық бейнероликтер ұсынылады. Бейнероликтің ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс.
Материалдарда интернет арқылы есірткі тарату, интернет-алаяқтық пен цифрлық қауіптер, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, балалар мен жастарды цифрлық ортада қорғау, кибербуллинг, дербес деректерді қорғау, медиасауаттылық және интернеттегі жауапты мінез-құлық мәселелері қамтылуы мүмкін.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарға:
• 1-орын – 100 мың теңге;
• 2-орын – 50 мың теңге;
• 3-орын – бағалы сыйлық беріледі.
Қалған қатысушыларға атаулы электрондық сертификаттар табысталады.
Өтінімдер 22 қыркүйектен 20 қазанға дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау 20 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 23:59-да аяқталады.
Байқауға қатысу үшін талаптарға сәйкес материал дайындап, өтінімді толтыру қажет. Дайын жұмысты немесе материалға сілтемені sotskz@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек.
Электрондық хаттың тақырыбында «БАЙҚАУҒА ӨТІНІМ: ҚАТЫСУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ» деген белгі көрсетілуі тиіс.
Байқау бойынша қосымша ақпаратты +7 707 746 4760 телефон нөмірі немесе sotskz@mail.ru электрондық поштасы арқылы алуға болады.