Астанада HoReCa Forum өтеді

Астанада HoReCa Forum өтеді

 2025 жылғы 11–13 маусым аралығында Астанада Қазақстан мен ТМД елдерінің қонақ үй және мейрамхана саласының мамандарын біріктіретін HoReCa Forum өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оған қонақжайлылық саласындағы заманауи трендтер, инвестициялар, франшиза, команда құру, маркетинг және цифрлық технологиялар жөнінде 30-дан сала көшбасшысы қатысады.

Форумда Hilton, InterContinental, Accor және Radisson тәрізді халықаралық қонақ үй желілері өкілдері, ABR және Novikov Group мейрамхана индустриясының көшбасшылары өз тәжірибелерімен бөліседі.

Спикерлер қатарында: Екатерина Пугачева (The World's 50 Best Restaurants байқауының қазылар алқасының төрайымы), Артем Канцев (Qazaq Gourmet мейрамханасының шеф-аспазы), Руслан Закиров («Огонек», AUYL, Spiros мейрамханаларының шеф-аспазы), Евгений Чеканин (Selfie мейрамханасының шеф-аспазы) және Жан Ашнер (ETRO).

Франчайзингке арналған бөлек секцияда Гүлбану Майгарина (Lanzhou желісі) және Александр Кроитор (Novikov Group) білімдері мен дағдыларын ортаға салады.

Күні: 2025 жылғы 11–13 маусым
Өтетін орны: «EXPO» ХКО, Астана
Қатысу үшін өтінім беру:
https://horeca-forum.kz/
Тел.: +7 705 986 5110 , +7 928 309 5110 (WhatsApp)