Астана тұрғындары «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджін қолдады

Астана тұрғындары «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджін қолдады
фото: Астана қаласының әкімдігі

19 қыркүйекте, Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day аясында өткен жалпы қалалық сенбілік кезінде Астана тұрғындары «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджін қолдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kzелорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қала тұрғындары саябақтар, гүлзарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді тазалауға, сондай-ақ ағаш отырғызуға қатысты.

Экологиялық іс-шаралардан түсірілген фото және бейнематериалдарды қатысушылар әлеуметтік желілерде бөлісіп, жарияланымдарына #WorldCleanupDay, #ТазаҚазақстан, #Өзіңненбаста, #Начниссебя хэштегтерін қосты.

«Бүгін Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day аясында достарыммен бірге «Өзіңнен баста» жалпыұлттық челленджіне қосылып отырмыз. Тазалық әрқайсымыздан басталады. Қоршаған ортаға қамқорлық танытып, айналамызды таза ұстау – әр адамның қолынан келетін қарапайым, бірақ маңызды қадамдар», – деді челленджге қатысушылардың бірі.

Челлендждің мақсаты – қаланың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігі мен күнделікті әрекетіне байланысты екенін еске салу. Қатысушылар өзі арқылы өзгелерге табиғатқа ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan