Алматы ауданында абаттандырылған аулалар саны рекордтық деңгейге жетті

Алматы ауданында абаттандырылған аулалар саны рекордтық деңгейге жетті

Биыл  Алматы» ауданында аулаларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 41 аулада жұмыстар толық аяқталып, бұл — соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұған дейін жарияланған абаттандырылған аулалар тізіміне қосымша ретінде, биыл келесі мекенжайлар да қамтылды:
Ғ. Мүсірепов көшесі, 4, 5, 6/4; Қ. Рысқұлбеков көшесі, 7/1, 8/1, 8/2; М. Жұмабаев даңғылы, 1, 3/1, 5, 5/1, 9, 9/1, 16, 16/1, 16/2; Абылай хан даңғылы, 27/1; Күйші Дина көшесі, 23, 26; Б. Майлин көшесі, 29/1; Романтиков көшесі, 27.

Абаттандыру аясында шағын архитектуралық формалар, балалар ойын алаңдары, спорт және workout-алаңдары орнатылып, автотұрақ орындары жасақталды, палисадниктер мен ойын алаңдарының жабыны жаңартылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Қала тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Жаз соңына дейін қосымша 30-ға жуық ауланы абаттандыру жоспарланса, 50-ден астам аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.