«Активтерді қайтару» деректі фильмі шығарылды

«Активтерді қайтару» деректі фильмі шығарылды
фото: видеоскрин

«Активтерді қайтару» деректі фильмі – заңсыз иемденілген және елден шығарылған қаражаттың Қазақстан халқына қалай қайтарылып жатқаны туралы оқиға, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету, заманауи ауруханалар, жедел жәрдем станциялары, балалардың дамуына жағдай жасау, әуежайлар мен спорт кешендері – мұның бәрі қайтарылған қаражаттың азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қалай бағытталып жатқанының мысалдары.

Бұл – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру туралы фильм, онда әрбір санның артында адам тағдырлары, нақты өзгерістермен жарқын болашаққа деген үміт тұр.