«Әлқисса - Нұрғиса» атты мерейтойлық концерт өтеді

«Әлқисса - Нұрғиса» атты мерейтойлық концерт өтеді

Астанада даңқты композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса - Нұрғиса» атты мерейтойлық концерт өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ғасырлар көрінісін сипаттайтын әндер мен күйлер, халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестрі, сондай-ақ хор капелласының бірлескен коллаборациясы көрерменді бей-жай қалдырмайтыны анық. Танымал әншілер мен шығармашылық ұжымдар композитор туындыларын шырқап, кеш атмосферасын одан әрі аша түспек.

Іс-шараға қатысушылар:
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Светлана Айтбаева, Азамат Жылтыркөзов, Нұржан Жанпейісов;
- Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Феруза Рахметова, Артур Ғабдиев, Расул Жармағамбет, Даяна Тілендиева;
- «Отырар сазы» оркестрі;
- Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі;
- Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы.