200 түп ағаш отырғызылды

200 түп ағаш отырғызылды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы А. Бөлекпаев көшесінің бойына 200 түп ағаш отырғызылды. Экологиялық акцияға қала тұрғындары бір кісідей атсалысты. Айтулы іс-шара аясында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері, қонақ үйлер мен бизнес саласының қызметкерлері таңмен тұрып тал екті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

- Елордамызда «Таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы аясында Сарайшық ауданында 1000-ға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысумен 200 түп ағаш отырғызылды. Жалпы биыл Сарайшық ауданы бойынша 5000-нан аса ағаш отырғызу жоспары бар. Бұл елордамыздың экологиясына ұқыппен қарап, тазалығына және көркеюіне жұмыстану, -деді Сарайшық ауданының өкілі Әсемгүл Абсадыққызы. 

Шағын және орта бизнес өкілдері Астананың абаттануына  үлес қосуда. 

- Астананың күн санап көркейгенін қалаймыз. Сондықтан бүгінгі  акцияға  біз де өз үлесімізді қосуға келдік. Ұжым болып жұмыла жұмыс жасауға кірістік. Қала тұрғындары акциядан қалмай қаланың ажарлануына жұмыстанса, елордамыз танымайтай өзгерер еді. Оның үстіне ағаш отырғызудлың өзі де адамға қуаныш сыйлайды, -деп ағынан жарылды «Зебра» кофеханасының қызметкері Мақсат Қонысбек.