Руханият

Майданда хат тасыған

Астана қаласы Алматы ауданының тұрғыны, жасы жүзден асқан Екатерина Плужникова – Ұлы Отан соғысын бастан кешкен майдангер.

Ата-анасынан ерте айырылған қыз медицина училищесінде оқып жүрген кезінде, 1942 жылы өз еркімен майданға аттанады. 24-жалпыәскери армияның 316-атқыштар дивизиясының командирлері жас қыз­ды Сталинград түбіндегі әскери дала поштасына пош­ташы етіп тағайындайды.

Майдандағы жауынгерлерге артында қалған жанашырлардан күн сайын ағылып хаттар келіп жататыны белгілі. Жақындарынан жеткен жылы хабар жауынгерлерге қуат берсе, олардан келген жауап хаттар артта қалғандар үшін үлкен үміт отын тұтандыратын. Солдаттардың өздері де қалт еткен сәтін пайдаланып, өзі туралы хабар беруге тырысатын. Ол кезде әскери пош­ташы болу өте бір жауапты іс екені сөзсіз. Сонымен бірге ауыр да қатерлі еді. Екатерина Плужникова күнделікті хаттарды жинап, әскери-­пошта станциясына жеткізіп отырған.

Соғыс жылдарындағы жауынгерлеріміздің, батыр қыздарымыздың жасаған ерліктері бір төбе, елде аңырап қалған аналардың, әйел­дердің, балалардың қажымай тер төккен еңбектері қаншама. Тылдағы ауыр күндер бүгінгі аға ұрпақтың есінде мәңгі қалды.

Бүгінгі таңда Жеңістің 80 жылдығына аман-есен жетіп отырған Екатерина Плужникова – соғыс кезіндегі қа­жырлы еңбегі үшін көптеген орден-медальмен марапатталған абыройлы майдангердің бірі.

Баянды ӘЛПИ, журналист,

Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button