Астанада 12 қыркүйек күні таңертең республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында күзгі экологиялық айлық басталды. Елорда аудандарының барлығында аумақтарды санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс қолға алынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Экологиялық акцияға 30 мыңнан астам адам және 2,2 мың кәсіпорын мен ұйым қатысты. Тазалық жүргізуге 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
Ауқымды тазалық барысында 1,2 мыңнан астам аула тазартылып, шамамен 300 тонна қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық айлығы 12 қыркүйекте басталып, 10 қазанға дейін жалғасады. Бір ай бойы Астананың барлық ауданында саябақтарды, гүлзарларды, аула және қоғамдық кеңістіктерді, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдарға іргелес аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.
Сонымен қатар 19 қыркүйекте елордада Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day 2026 аясында жалпықалалық экологиялық акция өтеді.
Экологиялық айлықтың басты мақсаты – елорда тұрғындарын, кәсіпорындар мен ұйымдарды тазалықты сақтау, қалалық ортаны абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұмылдыру.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan