Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыбұлақ өзенінің жағалауында «Таза жағалаулар» атты экологиялық акция өтті.

Іс-шараны Экология департаменті еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды.

“ Бүгін біз “ Мөлдір бұлақ” акциясы аясында осы жағалауды тазартып жатырмыз. Еріктілеріміз бен белсенділеріміз бірігіп өзен жағасын қоқыстан тазартуда. Акцияның негізгі мақсаты қоршаған ортаның тазалығын сақтау және су айдынының экологиялық жағдайын жақсарту” деді Астана қаласы бойынша экологиялық департаментінің басшысының орынбасары Жанбатыр Әлімжан.

Мұндай экологиялық шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Шапағат Әбдір