Қала мен сала
LRT желісін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толықтай аяқталды
Астанада LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толық көлемде аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазіргі уақытта желіде жоспарлы клинингтік және регламенттік жұмыс жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты, 5 мамырға дейін барлық LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
LRT нысандарында эстакадалық инфрақұрылымды тазалау, станция ғимараттарын тазалау, сондай-ақ жекелеген инженерлік жүйелерді одан әрі пайдалануға дайындау жұмысы жүргізіледі.
Бұл жұмыс LRT инфрақұрылымын дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылады.



