Қоғам

LRT құрылысы аяқталуға жақын

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кеңейтілген отырысында жеңіл рельсті трамвай жобасының қазіргі жай-күйінен ақпар берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— Күн сайын қала ішіндегі маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде астананың қоғамдық көлік паркі 45 пайыз жаңарды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, қыркүйек айында алғашқы сынақтар басталатынын еске салды.

— Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы мәреге жетуге жақын. Құрылыс жұмыстары аяқталып жатыр.
Биылғы қыркүйекте алғашқы пойыздар келіп, тестік сынақтар басталады, — деді әкім.

Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Астанадағы көлік кептелісі мәселесі өзекті болып тұрғаны туралы айтқан болатын.

Айта кетейік елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button