Ел тынысы

«Гамма-пышақпен» 2400 операция жасалды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да «Ұлттық нейрохирургия орталығында емдеу және жоғары технологиялық операцияларды жүргізудегі МӘМС жүйесінің рөлі» тақырыбында баспасөз-турын өткізді. Іс-шара барысында журналистерге орталықта жүргізіліп жатқан жоғары технологиялық операциялар, сондай-ақ МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек алу үшін өңірлерден келіп емделетін пациенттердің бағыты туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асылбек Қалиев БАҚ өкілдерін көрсетілетін медициналық көмектің түрлерімен, пациенттерді емдеуге жатқызу алгоритмімен және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып операциялар жүргізу мүмкіндіктерімен таныстырды. Өз сөзінде ол республиканың барлық өңірлерінен келген пациенттер үшін күрделі, қымбат операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесінің тиімділігін ерекше атап өтті. Жаңа мысал ретінде ол 7 жыл бойы Паркинсон ауруымен ауырған 1961 жылы туған Астана тұрғыны К. Әбділжанның тарихын келтірді. Операциядан кейін ғана ол толыққанды өмірге оралды. Барлық операция және одан кейінгі оңалту МӘМС шеңберінде өтті!

«18 жыл ішінде Ұлттық нейрохирургия орталығында 80 мыңнан астам пациент емделді, 60 мыңнан астам ота жасалды. Тек 2025 жылы біздің орталықта МӘМС бойынша 5 мыңнан астам пациент емделді, оның 15% — ға жуығы-жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып. Сонымен қатар, «Гамма-пышақ» технологиясының тиімділігін атап өту керек. Бұл құрылғы мидың ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын трепанациясыз және анестезиясыз емдеуге мүмкіндік береді. Медициналық көмектің бұл түрі МӘМС қызметтерінің тізіміне 2021 жылы енгізілген. Бүгінгі таңда орталықта осындай 2400-ден астам операция орындалды», — деп атап өтті Асылбек Қалиев.

Бір тиімділігі, бұл жерде пациенттер үйден шықпай-ақ Орталық мамандарынан онлайн-кеңес ала алады. Ол үшін neuroportal@mail.ru электрондық поштасына: МРТ/КТ-ның өзекті суреттері, үзінді (бар болса) және денсаулық жағдайының сипаттамасы туралы ақпаратты жіберу керек. Консультативтік қорытындыны алғаннан кейін емханалардың мамандары пациенттің құжаттарын емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жібереді. Содан кейін науқас ауруханаға жатқызу үшін белгіленген күні орталыққа келеді.
Баспасөз туры аясында клиникалық бөлімшелердің жұмысы, «гамма-пышақ» аппаратының жұмыс істеу принципі, сондай-ақ 2026 жылдың маусымына жоспарланған гибридті операциялық бөлме көрсетілді. Гибридті операция бөлмесінің жобасы «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының (1728,6 млн теңге) және «Халық» жеке қайырымдылық қорының (325 млн теңге) қолдауымен іске асырылды. Жобаның жалпы құны шамамен 1,8 млрд теңгені құрайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button