Қоғам

Еңбек сіңірген метрологтар марапатталды

Дүниежүзілік метрология күні аясында Қазақстан астанасында метрологияның дамуына елеулі үлес қосқан үздік мамандар марапатталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Биыл біз маңызды күнді — Дүниежүзілік метрология күнін және Метрикалық Конвенцияның 150 жылдығын атап өтеміз. Бұл — өлшеулердің маңыздылығын және мамандардың заңнаманы жетілдіруге және өлшем бірлігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап көрсететін мереке. Іс-шаралар шеңберінде «Құрметті метролог» төсбелгісімен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 10 жылдан астам еңбек еткен мамандар марапатталды.

Олардың қатарында ҚР СИМ ТРМК Түркістан облысы бойынша Департаментінде жұмыс істейтін Әлия Қырықбаева бар. Ол 27 жылға жуық еңбек жолын метрология саласына арнады,  осы жылдары жастарға тәлімгер болып, Департаменттің жұмысын жақсарту бастамаларына қолдау жасап келеді.

ТРМК Қостанай облысы бойынша Департаменітінің қызметкері Надежда Лисовская осы саладағы 30 жылдық еңбек жолында кәсіби ұстанымын берік қалыптастырған, өз ісіне адал және үнемі кемелдендіруге ұмтылатын білікті маман ретінде танылды. Ол өлшеу сапасын арттыруға және стандарттарды сақтауға бағытталған реформаларды белсенді қолдайды.

Александр Михалченконың қолданбалы метрологияда 27 жылдық тәжірибесі бар. Оның жылу және су жүйелеріне метрологиялық қызмет көрсету тәсілі шығындарды оңтайландыруға және басқару шешімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол өлшеудің сенімділігі мен дәлдігін қамтамасыз ететін заманауи зияткерлік бергіштер мен автоматтандыруды қолданады.

Руслан Бекқожин мен Жасұлан Таушев «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-да басшылық лауазымдарды атқара отырып, елдегі метрологиялық қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда.

Руслан Бекқожиннің басшылығымен нормативтік құжаттама жетілдірілді, бұл «Сергек» кешендерінің функционалдығы мен сенімділігін арттырды.

Жасұлан Таушев метрологиялық қызметтер сапасын арттыру және мұнай мен газ шығыны саласында өлшеудің жаңа стандарттарын қалыптастыру орталығына айналатын метрологиялық зертхана құру үшін инвестициялар тарту жөніндегі жобаларға бастамашылық жасады.

«Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Қарағанды филиалы директорының орынбасары Владимир Александров метрологияда 20 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ол газ қоспалары өндірісімен белсенді айналысады.

Метрология күні — бұл жетістіктерді мойындауды ғана емес, сонымен қатар бұдан әрі кәсіби өсуге және жаңа технологияларды енгізуге ынталандыруды білдіреді, бұл өз кезегінде өлшеу процестерін өте дәл және тиімді етуге көмектеседі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button