Елорда тынысы

Енді астаналықтар пәтеріне 400 адамнан тіркей алмайды

Мәжілісте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Құжатта «резеңке пәтерлер» мәселесі шешімін таппақ.

Қазіргі халық ірі қалаларда тұрғысы келеді. Ал бұл «резеңке» пәтерлердің мәселесін тудырады. Тұрғын үй иелері азаматтарды белгілі бір ақыға тіркеп, көші-қон заңнамасын бұзатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы Астанада пәтерлердің біріне 800-ден астам адам тіркелгені анықталған, — деді Омарбеков.

Осы мәселені шешу мынадай заңнамалық өзгерістер ұсынылады:

  • «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңда мәслихаттың елордада тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеу стандарттарын бекіту құзыретін кеңейту бөлігінде;
  • «Халықтың көші-қоны туралы» заңда елордада белгіленген нормативтерден тыс тіркеуге тыйым салу бөлігінде.

Вице-министрдің сөзінше, тіркеу стандарттары үй иесінің жұбайы мен жақын туыстарының тіркеуіне қатысты болмайды.

Сондай-ақ ӘҚБтК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде тұрғын үй иесінің нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы бөлігінде айыппұлдарды екі есе ұлғайту ұсынылып отыр. Еске сала кетсек, қазір жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК, шағын бизнес үшін – 15 АЕК, орта бизнес үшін – 25 АЕК және ірі бизнес үшін – 50 АЕК.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді анықтаған болатын.

 

Сурет: baq.kz

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button