Comic Con Astana-ның басты хэдлайнері кім болады?

Аты аңызға айналған *Голлум, Сноук және Цезарь* Астанаға келеді: Энди Серкис 2025 жылы Comic Con Astana Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалінің лайнапындағы алғашқы Голливуд жұлдызы болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Comic Con Astana ұйымдастырушылары 2025 жылғы фестивальдің бірінші хэдлайнерінің атын жариялады. Ол *британдық актер, режиссер және қозғалысты ұстап қалу шебері, кинодағы цифрлық кейіпкерлерді қабылдауды мәңгілікке өзгерткен әртіс — Энди Серкис.
Энди Серкис «Сақиналар әміршісі» трилогиясындағы Голлум, «Маймылдар планетасындағы» Цезарь, «Жұлдызды соғыстардағы» жоғарғы көшбасшы Сноукты, сондай-ақ «Бэтмен» (2022) фильміндегі Альфред рөлдерімен бүкіл әлемге танымал болды.
Бұдан басқа, ол Питер Джексонның аттас ремейкіндегі Кинг-Конг рөлімен, «Андор» сериалындағы Кино Лой рөлімен, Marvel кино әлеміндегі Улисс Кло рөлімен, «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» және «Қара Пантера» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал.