Қала мен сала

Астанада жаңа көп функционалды туристік аудан салынады

Елордада ауқымды туристік аудан құру жоспарланып отыр. Оның ішінде қонақүйлер, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орталығы құрылады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Үкіметтің «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы №772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.

«Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың аумағы 846,185 гектар жер. Оның құрамына ауданы 157,585 гектарды құрайтын «Көп функционалды туристік аудан» субаймағы кіреді», – делінген құжат жобасында.

Сондай-ақ, қаулыда әлеуметтік, денсаулық сақтау және туризм саласына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласының жедел дамуына мүмкіндік беретіні айтылған.

Осылайша «Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту көзделіп отыр.

Қаулы жобасы 12 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button