©2020 Астана Ақшамы
«Астана – арман қала!»
Кеше Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты Астана техника-экономикалық колледжімен бірлесіп, «Астана – арман қала!» атты патриоттық әндер конкурсын ұйымдастырды.
Байқау елорданың 15 жылдығына арналған. Іс-шараға Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрғожина қатысты. Ол өз сөзінде жастарды патриот болуға шақырды. Сайыс соңында жеңімпаздар ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін Сарыарқа ауданы әкімінің дипломдарымен марапатталды.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ