Құқық

Алматы ауданы прокуратурасы «Жаңа мүмкіндік» әлеуметтік жобасын іске асыруда

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Алматы ауданының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қайталама қылмыс жасауының алдын алуға және әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесуге бағытталған «Жаңа мүмкіндік» әлеуметтік жобасын іске асыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоба аясында Еңбек мобильділігі орталығымен, пробация қызметімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік қолдау көрсетуге және қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған консультациялар, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері және өзге де іс-шаралар өткізілуде.

Жобаның негізгі мақсаты – есепте тұрған тұлғаларды табысты қайта әлеуметтендіруге жағдай жасау, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға бағынатын өмір салтына тұрақты ынталандыруды қалыптастыру.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button