Ел тынысы

Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция Кенияда таныстырылды

Кения Республикасының Сыртқы істер және диаспора істері министрлігінің Дипломатиялық академиясында Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Қазақстанның тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, сондай-ақ Кениямен екіжақты ынтымақтастықтың келешегі туралы дәрісі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге Дипломатиялық академияның басшылығы мен тыңдаушылары, жаңадан тағайындалған елшілер және Кенияның Сыртқы істер және диаспора істері министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Қазақстан тарихына экскурс барысында Б.Садықов қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы баяндап, қазіргі Қазақстан Алтын Орданың (Жошы ұлысының) тікелей тарихи мұрагері болып табылатынын атап өтті. Тарихты зерттеудің, өткен дәуірдің мәдениетін зерделеу жөніндегі халықаралық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына баса назар аударылды.

Б. Садықов сондай-ақ кездесу қатысушыларын елде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалармен, оның ішінде жаңа Конституцияның қабылдануымен және 2026 жылғы тамызда Құрылтайға жалпыпарламенттік сайлаудың өткізілуімен таныстырды. Астананың халықаралық аренадағы орны туралы айта келе, елші Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп, елдің көпвекторлы саясатқа, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және халықаралық құқық нормаларын қорғауға бейілділігін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Кения Президенті У. Рутоның Қазақстанға жасаған таяудағы мемлекеттік сапарының қорытындыларымен таныстырылды. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынастардың сапалы жаңа кезеңіне берік негіз қалап, Астана мен Найроби арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастық үшін кең перспективалар ашты.

Б. Садықов кездесуге қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button