Ел тынысы

Конституция – қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтудың берік тірегі

Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы ғана емес, ең алдымен азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген заманауи қоғамдық келісім.

Жаңартылған Конституцияны қолдау – заң үстемдігін, заң алдындағы теңдікті, адам ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды, әлеуметтік әділеттілікті және әр азаматтың құқықтық қорғалуын қолдау деген сөз. Дәл осы құндылықтар тұрақты, әділетті әрі үйлесімді қоғамның негізін қалайды.

Конституциялық нормалардың барша азаматтарға тең мүмкіндік беруге, құқықтық мәдениетті нығайтуға және әркімнің ел болашағы алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны ерекше маңызды. Бұл қағидаттар әділеттілікке, заңдылыққа, баршаға ортақ тең мүмкіндіктерге және әлеуметтік бағдарланған мемлекетті дамытуға негізделген «Әділет» партиясының ұстанымдарымен толық үндеседі.

Адам құқықтарын құрметтеу мен заң үстемдігіне негізделген қуатты Конституция – Әділетті Қазақстанды құрудың және қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтудың берік тірегі.

Шерзод Пулатов,

ҚХА-ның республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы,

ҚР Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button