«Заң мен тәртіп әлемі» көрмесі ұйымдастырылды
Астана қаласындағы №111 жалпы білім беретін мектепте «Заң мен тәртіп әлемі» тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Көрме өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттауға және балалардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік жоба болып табылады. Оқушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы қоғамдағы әділдік, қауіпсіздік, жауапкершілік және тәртіп құндылықтарын көркем тілмен бейнелейді.

Жас суретшілердің туындылары заңға құрмет, қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық және жеке қауіпсіздік мәдениеті сияқты өзекті тақырыптарды қамтиды. Көрме балалардың тек шығармашылық қабілетін ғана емес, сонымен қатар құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шаралар білім алушылардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына ықпал етіп қана қоймай, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң мен тәртіпке құрмет сезімін нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға оқушылар, педагогтер, ата-аналар қатысты.
– Заң мен тәртіп бәрінен маңызды. Балаларды білімге замануи технологиялық үдерістерге баулу өте маңызды. Өйткені ХХІ ғасыр – ғылым мен жаңа технологиялар дәуірі. Сонымен қатар құқықтық мәдениет артып, заң мен тәртіп қағидаларын сезіне түскендігі аса маңызды. Сондай-ақ, жас өрендер сурет көрмесін көріп табиғат пен адамзат тың ортақ құндылықтарын сезіне алады, – деді ата-ана Гүлфайруз Ескендірова.



