Әлеумет
Демалыстағы жәрмеңке жалғасады
Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 13 және 14 маусым күндері өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара 13 және 14 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.



