Құқық

Көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар жауапқа тартылды

 Астана қаласында өткізіліп жатқан «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 500-ден астам шетел азаматын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, тіркеу және олардың уақытша болуы туралы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру шаралары барысында ел аумағында заңсыз жүрген, тіркеу мерзімін бұзған және көші-қон заңнамасының өзге де талаптарын сақтамаған шетел азаматтары анықталды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушілерге қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонның алдын алу және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button