Құқық

Пробация есебінде тұрғандар «АЛЖИР» кешеніне экскурсияға барды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы Сарайшық ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған тұлғалар үшін «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын» еске алу күніне орай «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – тарихымыздың қасіретті беттерін еске алып, жазықсыз жапа шеккен мыңдаған адамдардың тағдыры арқылы адам құқықтарын, заңдылықты, әділдік пен адам қадір-қасиетін құрметтеудің маңызын ұғындыру.

Экскурсия барысында қатысушылар тарихи деректермен танысып, өткеннің тағылымы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар қоғамдағы тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау — әр азаматтың басты міндеті екені атап өтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button