Білім

Мектеп оқушылары «Көк тудың желбірегені» челленджін орындады

Астана қаласындағы Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк тудың желбірегені» челленджін орындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Патриоттық іс-шара барысында білім ордасының 350 оқушысы арнайы түсті киімдер киіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының композициясын жасады. Челлендж барысында «Көк тудың желбірегені» әні орындалды.

Оқушылардың үйлесімді әрекеті мен ұйымшылдығы көк Тудың айшықты бейнесін қалыптастырып, елге деген құрмет пен сүйіспеншіліктің жарқын көрінісіне айналды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздердің маңызын дәріптеу және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

Бұл бастама оқушылардың елдік рухын көтеріп, Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің мәнін айшықтай түсті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button