Ел тынысы

Жолсеріктер балаларды мерекемен құттықтады

ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.✔️

Балаларды қорғау күніне орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарының жолсеріктері жас жолаушыларды мерекемен құттықтап, оларға 1 мыңнан астам сыйлық боксын табыстады. Әр жиынтық ішінде ойыншықтар, бояу суреттері, түрлі-түсті қарындаштар мен тәттілер салынды.✔️

Мерекелік көңіл күй қалыптастыру үшін вагон-мейрамханалар түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Сонымен қатар, жолда балаларға арналған мультфильмдер мен ойын бағдарламалары бар мультимедиялық ойын-сауық порталы қолжетімді.✔️

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай серіктесі — «Kaztechnology» ЖШС-мен бірлесіп, пойыздағы жас жолаушыларға сыйлық таратады. Мұндай игі шараларды өткізу компанияның дәстүріне айналған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button