Құқық
Жолаушылар қауіпсіздігі бақылауда: ІІМ LRT вагондарын тексерді

Астанада Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жеңіл рельсті көлік LRT нысандарын тексерді. Негізгі назар жолаушылар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына аударылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Тәртіп сақшылары вагондарды, станцияларды және техникалық жүйелерді қарап шықты. Қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіз жүріп-тұруына жасалған жағдайлар зерделенді.
ІІМ LRT нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
LRT-ның іске қосылуы елорданың көлік жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналып, қала тұрғындарының қатынау ыңғайлылығы мен мобильдігін арттырды.



