Құқық

Астана прокуратурасы пробациядағы азаматтар арасында футбол турнирін өткізді

Астана прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Есіл ауданы әкімдігі және қаланың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында футбол турнирін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

Іс-шара қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру мақсатында ұйымдастырылды.

«Турнирге елорданың барлық аудандарынан есепте тұрған тұлғалар қатысты. Қатысушылардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды», делінеді хабарламада.

Астана прокуратурасы қайталама қылмыстың алдын алуға және азаматтарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, елорда прокурорлары оқушыларға интернет-алаяқтықтардан қалай қорғану керектігін үйретті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button