Ел тынысы
Астанада Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Олжас Сүлейменов – әлемдік тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Көрмеге ақынның 50-ден астам еңбегі қойылған. Олардың қатарында «Аз и Я», «Таңбалар тілі», «Преодоление», «Стихи разных лет», «Литература – это жизнь», «Айналайын» және өзге де туындылары бар.
Сонымен қатар оқырмандар QR-қосымша мен Kazneb ұлттық электронды кітапханасы арқылы ақынның әдеби мұрасымен, тіл білімі мен тарихқа қатысты зерттеулерімен таныса алады.
Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді.



