Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамының қатысуымен Есіл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шаралар барысында есептегі тұлғалардың тұрмыс жағдайы, белгіленген шектеулерді сақтауы, сондай-ақ сот жүктеген міндеттерді орындауы тексерілді.
Сотталғандарға құқығы, жазаны өтеу тәртібі және әлеуметтік бейімделу мен қайта әлеуметтендіруге бағытталған шаралар түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Астана қаласының прокуратурасы қайталама қылмыстың алдын алу және азаматтарды қайта әлеуметтендіру бағытындағы жұмысты жалғастырады.



