Әр сәрсенбіде «Жадыраған жаз» зейнеткерлер би кеші өтеді

20 мамырдан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қала зейнеткерлері үшін жазғы маусымның ашылуына орай Жетісу саябағында әр сәрсенбі сайын сағат 17:00-19:00 аралығында «Жадыраған жаз» атты зейнеткерлер би кешін өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Зейнеткерлерге арналған ретро әндерден би кештері ардагерлерді әлеуметтендіру, сауықтыру және егде жастағы адамдардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылады. Бұл бастама екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда, 2025 жылы жаз маусымында зейнеткерлер үшін 15 дискотека өтті. Дискотека кештерінде зейнеткерлер өз концерттік бағдарламасын ұсынады, кеште би ұжымдары мен жеке орындаушылар да өз өнерлерін ортаға салады.

Сонымен қатар жаз маусымы ашылғаннан бері Жерұйық, Президенттік, Орталық, Ататүрік және Ботаникалық саябақтарда, Нұржол гүлзарында сағат: 9.00-11.00-ге дейінгі аралықта таңғы сауықтыру жаттығулары өтеді. Күн сайын қала зейнеткері йога, оңалту гимнастикасы, пилатес, скандинавиялық серуен және «Цигун» тыныс алу гимнастикасынан таңғы жаттығулар жасайды.
Бұл бастама қала тұрғындарының денсаулығын нығайту және спорттық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жазғы сауықтыру жаттығуларына қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындарын сауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Сауықтыру жаттығуларын Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының білікті нұсқаушылары қыркүйек айына дейін кестеге сәйкес жалғасатын болады.



