Ел тынысы

Астаналық балуан Гүлмарал Еркебаева – Қазақстан кубогының жеңімпазы

Астана қаласының спортшысы Гүлмарал Еркебаева Алматы төрінде өтіп жатқан әйелдер күресінен Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

76 келі салмақ дәрежесіндегі финалда елордалық балуан қыз Гүлмира Қарағанды облысының өкілі Эльмира Сыздықовамен белдесті. Эльмира Сыздықова — Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы және Азия ойындарының қола жүлдегері. Сондықтан ол аталған салмақтағы басты фавориттердің бірі саналған еді.

Алайда боз кілемде астаналық балуанның айқын басымдығы байқалды. Белдесуді батыл әрі қарқынды бастаған Гүлмарал қарсыласының шабуылына сәтті қарымта әдіс жасап, алғашқы ұпайларды өз еншісіне жазды. Кейін челлендж нәтижесінде тағы бір ұпай қосып, қарсыласын кілем шегінен шығарды.

Шешуші сәтте Еркебаева тамаша әдіс қолданып, қарсыласын таза жеңді. Осылайша, елордалық спортшы 9:0 есебімен айқын басымдық танытып, Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, 76 келіде чемпиондық тұғырға көтерілді.

Айта кетейік, Гүлмарал Еркебаева — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бес дүркін Азия чемпионатының жүлдегері.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button