Әлеумет

Бір уыс топырақ

Қазақ елінде Ұлы Отан соғысына әр отбасыдан аттанбаған азамат кемде-кем шығар. Сол кеткен боздақтардың артынан «қара қағаз» келіп, елге оралмай, хабар-ошарсыз кеткендері қаншама…

Сондай жанның бірі Иса Қаражанов соғысқа аттанғанда артында ата-анасы, жұбайы және 5 жасар қызы Базаркүл қалған еді. Ата-анасы, жұбайы бір хабар келер деп күтумен өмірден өтті. Жоғарғы жаққа әр мекемеге хат жазып, көп іздеудің арқасында 5 жасында қалған Базаркүл Исақызына 90 жасқа жақындағанда әкесі Украинададағы Запорожье даласы Хортиц жерінде жерленгені туралы хат келді. Сол сәтте баланың әкеге деген сағынышын сөзбен жеткізу мүмкін емес, сан жылдар күткен үміті ақталғанда, көз жасына ырық берді.

Базаркүл Исақызы – кешегі Ақмоланың, қазіргі Астананың тумасы. Бұрын Киров совхозы аталған, бүгінгі Көктал тұрғын алабында дүниеге келді. 1954 жылы Рақымжан Әлиакпаров деген азаматпен шаңырақ кұрды. Алты баланы дүниеге әкелді.Базаркүл әже әкесіне топырақ бұйырған жерге барып, перзенттік парызды ақтап, басына тағзым жасап, дұға бағыштап келсем деп ойлап жүрген еді. Денсаулығы ұзақ жолды көтермейтін болғандықтан, ақылдасып, балаларының ішінен Бірлік пен Ләззат барып келсін деп шешті. Перзенттері анасының айтқанын орындап, аталарының жатқан жеріне ұрпақтарының атынан бір уыс туған жерінің топырағы мен Сарыарқаның жусаның ала барып, басына тағзым жасап, гүл шоқтарын қойып, дұға бағыштады.

Оспан СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button