Денсаулық

Мектеп медицинасының форматы жаңартылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасы шеңберінде балалардың профилактикалық тексерулерін толық цифрландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолданыстағы мәселелерді шешу үшін профилактикалық тексерулердің қазіргі моделін өзгерту, нәтижелерді өңдеуге арналған цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ функциялардың бір бөлігін орта буын медицина қызметкерлеріне беру көзделіп отыр.

Балаларды профилактикалық медициналық тексеру жүйесін жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдарын цифрлық электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, бой-өлшеуіш және таразылармен, отоскоптармен, сондай-ақ деректерді автоматты түрде жіберетін телемедициналық кешендермен жабдықтау жоспарлануда.

Алдағы уақытта интраоральды камералармен, плантографтармен және авторефрактометрлермен қосымша жарақтандыру көзделген.

Денсаулық сақтау министрі балалардың профилактикалық медициналық тексерулерін толық цифрландыруды және барлық деректерді Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне интеграциялауды, сондай-ақ баланың электрондық денсаулық паспортын қалыптастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Балалардың денсаулығына қатысты барлық деректер жүйелі түрде жинақталып, талданып және адам өмірінің барлық кезеңінде сүйемелденуге тиіс. Бұл бақылаудың сабақтастығын қамтамасыз етіп, ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ведомство басшысы.

А. Әлназарова 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептерінде профилактикалық тексерулер мен мектеп медицинасының жаңартылған форматын кезең-кезеңімен енгізуді бастау жөнінде тапсырма берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button