Елорда тынысы

Зауытта өткен кездесу

Астана қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова кезекті есеп беру кездесуін «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ мекемесінде өткізді. Ашық диалог форматындағы жиынға зауыт ұжымы, округ белсенділері мен тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында ол тікелей бақылауда ұстап отырған жұмыс­тардың нәтижесімен бөлісті. Өз сөзінде Amanat партиясының Жол картасымен бекітілген іс-шаралардың 90%-ға жуығы орындалғанын, қалғаны жүзеге асырылу үстінде екенін жеткізді. Оның айтуынша, сайлау округіндегі 500-ден астам тұрғынға материалдық көмек көрсетілді. Қазір Өндіріс және Казгородок тұрғын алаптарын газдандыру жұмысы жалғасуда. Өндірісте жаңа емхананың құрылысы қолға алынды. Қауіпсіздік үшін «Тұлпар» сауда орталығы мен Өндіріс маңайына бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл күнде депутат «Тұлпар» сауда үйі артындағы ескі, апатты жағдайдағы үйлерді, әл-Фараби көшесі, 49/5 мекенжайындағы ескі жатақхананы және Казгородоктағы 1954 жылы салынған «Социум» тұрғын үй кешені аумағындағы үйді ысыру мәселелерімен белсенді айналысуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button