Астанада Президент атынан мемлекеттік наградалар табысталды
Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім беру саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Марапаттау рәсімінде Аида Балаева әрбір маманның адал еңбегі ел дамуына қосылған маңызды үлес екенін атап өтті.
Еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және күй өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған республикалық «Күй күмбірі» акциясын өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен:
– «Құрмет» орденімен – қоюшы режиссер Қарлығаш Ажиева;
– «Ерен еңбегі үшін» медалімен – Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» дәстүрлі музыкалық тобының көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек марапатталды.
Президенттің «Алғыс» грамотасымен:
– №1 балалар музыка мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дәстүрлі өнер пәндерінің педагогі Жанар Оралбаева;
– Р. Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлнұр Қамзина;
– №3 балалар музыка мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Баймаханова;
– Астана қаласы әкімдігіне қарасты №2 көркемсурет мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Жұмабаева марапатталды.



